
БІРІНШІ АЗИЯ КУБОГІ: ҚАРШЫҒА САЛУДАН АЛТЫН ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
10 октября, 2026
«ШЫҒЫС САЛБУРЫНЫ – 2026»: ҚҰСБЕГІЛІКТЕН БІРІНШІ АЗИЯ КУБОГІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
11 октября, 2026Қарағанды облысының құсбегісі Темірәлі Төлегенұлы «Шығыс Салбурыны – 2026» халықаралық фестивалінде ителгі салудан Бірінші Азия кубогінің жеңімпазы атанды. Шығыс Қазақстан облысында өткен жарыстың қорытындысында ол бірінші орынға көтеріліп, алтын жүлдені еншіледі.
Жүлделі орындар үшін өткен бәсекеде Жамбыл облысының өкілі Бақдәулет Бабажан күміс жүлдегер атанды. Ал қола жүлделер Ақмола облысының екі спортшысына бұйырды. Ануар Кеңес пен Ералы Тастанбек үшінші орындарды иеленді.
Ителгі салудан жарыстар 10 қазанда, халықаралық фестивальдің шешуші күнінде ұйымдастырылды. Бұл бағытқа 38 құс тіркеліп, олардың жарыс талаптарына сәйкестігі алдын ала тексерілді. Құсбегілердің сайысқа шығу кезектілігі жеребе арқылы белгіленді.
Ұлан ауданының Бозанбай ауылы маңындағы «Бүркіт төбе» алаңында өткен фестиваль 10 елдің құсбегілерін тоғыстырған халықаралық додаға айналды. Мандаттық комиссияның тіркеу қорытындысы бойынша жарысқа барлығы 174 құс тіркелді.
Осылайша екі күнге созылған Бірінші Азия кубогінің барлық бәсекелері аяқталып, үш бағыт бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Турнирдің өтуіне Республикалық Құсбегілік Федерациясының Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрлігі мен «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі қолдау көрсетті.




