
СЕРІКБОЛСЫН ЖАЛҒАСҰЛЫ БҮРКІТ САЛУДАН БІРІНШІ АЗИЯ КУБОГІН ЖЕҢІП АЛДЫ
10 октября, 2026
ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ ҚҰСБЕГІ ИТЕЛГІ САЛУДАН АЗИЯ КУБОГІНІҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
10 октября, 2026«Бүркіт төбе» жарыс алаңында қаршыға салудан Бірінші Азия кубогінің жеңімпаздары анықталды. «Шығыс Салбурыны – 2026» халықаралық фестивалі аясындағы бәсекеде Түркістан облысының құсбегісі Заки Махмудхан бірінші орынға ие болып, алтын жүлдені иеленді.
Күміс жүлде Жамбыл облысының өкілі Берікболсын Бабажанға бұйырды. Ал үшінші орындарды Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Мубарак Халифа Алтай мен Астана қаласынан келген Ерасыл Серікбекұлы өзара бөлісті.
Ерасыл Серікбекұлы үшін бұл халықаралық дода екі бағыттағы нәтижесімен ерекшеленді. Ол қаршыға салудан қола жүлдеге қол жеткізсе, бүркіт салу бәсекесінде күміс жүлдегер атанды.
Қаршыға салудан жарыстар 10 қазанда, фестивальдің екінші жарыс күні өтті. Бұл бағытқа 33 құс тіркелді. Сайыс алдындағы мандаттық комиссия отырысында олардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріліп, қатысушылардың жарысқа шығу реті жеребе арқылы анықталды.
Бірінші Азия кубогінде 10 елдің құсбегілері жүлделі орындарға таласты. Халықаралық додаға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Қытай, Түркия, Испания, Мажарстан, Грузия, Моңғолия және Өзбекстан спортшылары қатысты. Қазақстан атынан Ақмола, Алматы, Абай, Ақтөбе, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларынан келген құсбегілер бақ сынады.
Турнирдің өтуіне Республикалық Құсбегілік Федерациясының Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрлігі мен «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі қолдау көрсетті.




