
ҚЫЗЫЛТАУДЫҢ ҚЫРАНЫ…
23 сентября, 2026
«БҮРКІТ ТӨБЕДЕ» 10 ЕЛДІҢ ҚҰСБЕГІЛЕРІ СЫНҒА ТҮСЕДІ
7 октября, 20269-10 қазан күндері Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бозанбай ауылы маңындағы «Бүркіт төбе» алаңында құсбегіліктен кезекті «Шығыс Салбурын – 2026» халықаралық фестивалі ұйымдастырылады. Жыл сайын өтетін дәстүрлі дода биыл Бірінші Азия кубогімен жалғасады.
Байрақты бәсекеге 10-нан астам елден құсбегілер қатысады деп жоспарланған. Олар бүркіт салу, қаршыға салу және ителгі салу бойынша сынға түсіп, әр бағытта мықтыларды анықтайды.
«Шығыс Салбурын» – құсбегілердің тәжірибе алмасуына, саятшылық дәстүрді кеңінен танытуға және ұлттық спорттың халықаралық деңгейде дамуына бағытталған дода. Биыл Бірінші Азия кубогінің ұйымдастырылуы жарыстың ауқымын кеңейтіп, әр елден келген құсбегілердің шеберлігін бір алаңда сынауға мүмкіндік береді.
Турнирдің өтуіне Республикалық Құсбегілік Федерациясының Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрлігі мен «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ қолдау көрсетуде.




