SVGLogo_Qusbegilik_whitekucuklogoSVGLogo_Qusbegilik_whiteSVGLogo_Qusbegilik_white
  • БАСТЫ БЕТ
  • ФЕДЕРАЦИЯ ТУРАЛЫ
    • Федерация тарихы
    • Басшылық
    • Қызметкерлер
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ҚҰЖАТТАР
    • Ереже
    • Регламенттер
    • Протоколдар
  • ӨҢІРЛЕР
    • Спортшылар
    • Төрешілер
    • Жаттықтырушылар
    • Құстар
  • ГАЛЕРЕЯ
  • БАЙЛАНЫС
✕

ҚЫЗЫЛТАУДЫҢ ҚЫРАНЫ…

  • Басты бет
  • zhanalyktar
  • ҚЫЗЫЛТАУДЫҢ ҚЫРАНЫ…
ҚАЗАҚСТАН ҚҰСБЕГІЛЕРІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫН ТӨРТ ЖҮЛДЕМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
4 сентября, 2026
«ШЫҒЫС САЛБУРЫН – 2026»: ҚҰСБЕГІЛІКТЕН БІРІНШІ АЗИЯ КУБОГІ ӨТЕДІ
29 сентября, 2026
23 сентября, 2026

Түз тағысын қолына қондырып, қалаған аңына салу, әркімнің қолы жете бермейтін қиынның-қиыны, жанкешті еңбек екені аян.

Арқаның бет қаратпас дүлей бораны мен сақылдаған сары аязында қолында Қыраны, соңында құмай тазы ерткен Баянауылдық бүркітші Мәуия Әбікейдің есімі ерте жастан елге танылды.

«Тауындағы түлкіні, бабындағы бүркіті ғана алады» дегендей, бүгінде Жарылғап ауылының Бәлтеш қыстауында дүниеге келген Мәуия бүркітші ата мекені Баянауылдың Аршалы, Обалы, Бұланбай, Дулығалы …таулы- қыраттарынан бастап, замандастарының айтуынша, Көкшетау, Өлеңті, Шідерті, Ертіс-Баян өңірін аралап, саятшылық құрған деседі.

Бүгінде Павлодар қаласының маңындағы Кенжекөл ауылында тұратын баласы Босаға бір әңгімесінде: «Әкей өте ақкөңіл, кеңпейіл, қонақжай, баяғы сал-серілердің жалғасындай еді. Кішкентайымнан ол кісіге өте жақын болдым, үнемі қасына ертіп алып, Қызылтаудың басына жиі апаратын. Аңкөс  адам еді, «ит жүгіртіп , құс салған» өмірін жақсы білемін. Өзіме де біршама үйретіп кетті».

Иә, кеңістік кезеңнің аумалы-төкпелі жылдарында  Мәуия аңшы сол бір зұлмат заман, ашаршылық жылдары тек бір ғана аудан емес, Ертіс-Баян өңіріне сонау Тарбағатай тауларына дейін барып, тауешкі, елік, арқардың етін теңдеп алып келіп, қаншама жанды ашаршылық тырнағынан аман алып қалды, Кеңес одағының төрт бұрышынан дертке дауа іздеп, толассыз келіп жататын хат иелеріне ерінбей барып, пошта арқылы дәрілік шөп, аю, қасқыр…секілді қоңыр аңдардың майы, өті секілді заттарды жіберіп отырды…» деп,  Босаға мен ол кісінің жұбайы Сара жеңгеміз, немересі Дәметкен айтқан құнды деректермен бірнеше мәрте танысып, риза болып қайтқаным бар.

«Дәметкен» демекші, Мәуия ақсақалдың немересі Дәметкен жоғарғы оқу орынын бітіріп, қаншама жыл  қалада қызмет етсе де, бәрін тастап, атасының туған мекені-Баянауылға қоныс аударғанына бес жылдан асыпты.

«Жақсы атаның әруағы, ұрпағына қырық жыл азық» деп, халық бекер айтпаса керек. Аяулы атаға деген шынайы сезім, айтулы құрметі болса керек,  Баянауылда ол Асылбектей азаматқа сүйікті жар болды, Аңсаған атты  ұрпағын өмірге әкелді. Атасының сүйікті кәсібін кейінгі жастарға үлгі етуде үлкен шараларды қолға алды.

Атағы аудан, облыстан асып, Одаққа тараған кәсіби маман, 1969 жылы Мәскеуде өткен Дүние жүзі биолог-аңшылардың әлемдік конгресіне қатысқан жалғыз аңшы, КСРО бойынша «Аңшылық ісінің үздігі «, Халық шаруашылығы жетістіктерінің «Алтын медалі» иегері, туған жердің тарихын, әр тасын «тамыршыдай» тап басып айтатын шежіре-қарияның мол мұрасын өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында, Дәметкен Мәуия атасының атында екі жыл өз қаржысына турнир өткізіп, облыс, енді міне, биыл үшінші жыл республикалық деңгейде Еске алу турнирін ойдағыдай өткізді. Оннан асакоманда жиналған, 30-ға жуық бүркітшілер арасынан алғашқы орынды Ақмоладан келген Тастанбек Бергенбай, екінші орынды Алматы облысынан-Сейітжан Алмас, ал үшінші орынға — Қарағандылық Жәркен Нұрлыхан мен Ақмолалық бүркітші Тумурзин Руслан ие болды. Қазақтың «жеті қазынасын» қасынан тастамаған Мәуия атасының құрметіне, бұл жолы да Дәметкен немересі,   құмай тазының екі түрінен жарыс ұйымдастырып, жүлде тағайындапты.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті, «Республикалық Құсбегілік федерациясы», Павлодар облысы  Әкімдігінің қолдауымен өткен «Қызылтаудың Қыраны», әйгілі аңшы, «тазы жүгіртіп, құс салған ғасыр адамы», саятшы Мәуия Әбікейдің туған халқына деген қалтқысыз қызметі, бабалар мұрасын жалғаған жақсы қасиеті Баян елі, Дәметкендей асыл перзенті тұрғанда  жоғалмасы анық, ұрпақтан-ұрпаққа ұласары сөзсіз.

 

Республикалық «Құсбегілік» федерациясының вице-президенті Бағдат Мүптекеқызының Facebook парақшасынан

Бөлісу
1

Related posts

21 октября, 2026

«ҚАНСОНАР – 2026» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ


Read more
11 октября, 2026

«ШЫҒЫС САЛБУРЫНЫ – 2026»: ҚҰСБЕГІЛІКТЕН БІРІНШІ АЗИЯ КУБОГІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ


Read more
10 октября, 2026

ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ ҚҰСБЕГІ ИТЕЛГІ САЛУДАН АЗИЯ КУБОГІНІҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ


Read more

Қазақстан Республикасы
Астана қаласы,
Сығанақ 54а, оф. 411,
qusbegilik.federation@mail.ru

  • БАСТЫ БЕТ
  • ФЕДЕРАЦИЯ ТУРАЛЫ
  • ҚҰЖАТТАР
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӨҢІРЛЕР
  • ГАЛЕРЕЯ
  • БАЙЛАНЫС

© 2024 Қазақстан Республикасы Құсбегілік Федерациясының Сайты | Барлық құқықтар қорғалған |