
ҚҰСБЕГІЛІКТЕН АЗИЯ КУБОГІ: АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЛАЙ ӨТТІ?
9 октября, 2026
СЕРІКБОЛСЫН ЖАЛҒАСҰЛЫ БҮРКІТ САЛУДАН БІРІНШІ АЗИЯ КУБОГІН ЖЕҢІП АЛДЫ
10 октября, 2026«Шығыс Салбурыны – 2026» халықаралық құсбегілік фестивалі аясындағы Бірінші Азия кубогі шешуші кезеңге аяқ басты. Бүгін, 10 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы «Бүркіт төбе» жарыс алаңында екі күндік халықаралық доданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады.
Жарыстың екінші күні бүркіт салудан басталмақ. Кеше қолға шақыру және шырғаға салу кезеңдерінде бақ сынаған құсбегілер бүгін шешуші бәсекелерде өзара мықтыны анықтайды. Алғашқы күнгі сыннан кейін қатысушылар үшін әрбір нәтиженің маңызы арта түсті. Ендігі тартыс Азия кубогінің жүлделі орындары үшін өрбиді.
Бүркіт салудан кейін қаршыға және ителгі салу сайыстары өтеді. Осылайша он мемлекеттің құсбегілері қатысып жатқан халықаралық дода бүгін мәресіне жетеді.
Жарыстар аяқталған соң Бірінші Азия кубогінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтеді.
Турнирдің өтуіне Республикалық Құсбегілік Федерациясының Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрлігі мен «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі қолдау көрсетуде.




