
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰСБЕГІЛЕР VI ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ
31 августа, 2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰСБЕГІЛЕР КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫН ЕКІ ЖҮЛДЕМЕН БАСТАДЫ
3 сентября, 2026VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында құсбегіліктен Қазақстан атынан тоғыз спортшы бақ сынайды. Команда «Бүркіт салу», «Ителгі салу» және «Қаршыға салу» бағыттары бойынша жасақталды.
Ұлттық құрамаға ел ішіндегі және халықаралық додаларда шыңдалып, жүлделі орындардан көрініп жүрген тәжірибелі құсбегілер іріктелді. Талай бәсекеде қырандарының бабын танытып, жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар енді Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғайды.
Жыл басынан бері жауапты додаға жоспарлы дайындық жүргізілді. Құсбегілер оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, қырандарын жарыс талабына сай баптады. Бұл кезеңде спортшылардың шеберлігін шыңдауға, құстардың бабын келтіруге және алдағы бәсекеге әзірлікті пысықтауға басымдық берілді.
«Бүркіт салуда» Ерзат Байқадамов, Арман Кушкаров және Руслан Тумурзин жарыс жолына шығады.

«Ителгі салуда» Ерлан Кенжетаев, Сұлтансері Есентаев және Бақдәулет Бабажан бақ сынайды.

«Қаршыға салуда» Дәурен Аршабай, Серікболсын Жалғасұлы және Заки Махмұтхан шеберліктерін сарапқа салады.

Құсбегілік бәсекелері 2–3 қыркүйек күндері өтеді.
Ел намысын арқалаған құсбегілерімізге сәттілік тілейміз!
Айта кетейік, құсбегілеріміздің VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуына Республикалық Құсбегілік Федерациясының Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ қолдау көрсетуде.




