
ҚҰСБЕГІЛІКТЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА САПЫНДА КІМДЕР СЫНҒА ТҮСЕДІ?
31 августа, 2026
СЕРІКБОЛСЫН ЖАЛҒАСҰЛЫ VI ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА АЛТЫН ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ
3 сентября, 2026VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында құсбегіліктен алғашқы жүлделер сарапқа салынды. Ителгі салудан өткен бәсекеде Қазақстан құрамасының екі спортшысы үздіктер қатарынан көрінді. Бақдәулет Бабажан екінші орынды иеленсе, Ерлан Кенжетаев үшінші нәтижеге қол жеткізді.
Дүбірлі додада жүлде жолындағы талас алғашқы кезеңнен-ақ қызу өрбіді. Финалдық кезеңде бәсеке тіпті күшейіп, жүлделі орындардың тағдыры шешуші сындарда анықталды.

Ұлттық құрама бұл жарысқа бірнеше ай бойы жүйелі дайындалды. Оқу-жаттығу жиындарында құсбегілердің шеберлігін жетілдірумен қатар, қырандарды жарыс жағдайына бейімдеу мен бабына келтіруге басымдық берілді. Көшпенділер ойындарындағы алғашқы нәтижелер – осы дайындық пен тынымсыз еңбектің жемісі.
Биыл құсбегілік бәсекелеріне 10 мемлекеттен спортшылар қатысуда. Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Грузия, Испания, Словакия, Моңғолия, Өзбекстан, Мажарстан және Чехия өкілдері «Бүркіт салу», «Ителгі салу» және «Қаршыға салу» бағыттары бойынша өзара мықтыны анықтауда. Қазақстан атынан тоғыз спортшы ел намысын қорғап жатыр.
Ителгі салудан жарыс бірінші болып мәресіне жетті. Бұдан кейін құсбегілік додасы қаршыға салудан жалғасып, жарыстың шешуші бөлігінде бүркіт салудан үздіктер анықталады.
Ұлттық құрама спортшылары қалған сайыстарда жүлделі орындар үшін таласты жалғастырады.
Айта кетейік, құсбегілеріміздің VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуына Республикалық Құсбегілік Федерациясының Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ қолдау көрсетуде.




