
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰСБЕГІЛЕР КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫН ЕКІ ЖҮЛДЕМЕН БАСТАДЫ
3 сентября, 2026
ҚАЗАҚСТАН ҚҰСБЕГІЛЕРІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫН ТӨРТ ЖҮЛДЕМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
4 сентября, 2026Қырғыз Республикасында өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы құсбегіліктен жүлделі нәтижелер көрсетуде. Қаршыға салудан ұлттық құрама мүшесі Серікболсын Жалғасұлы бірінші орын алып, алтын жүлде иеленді.
Биыл құсбегілік бәсекелеріне Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Грузия, Испания, Словакия, Моңғолия, Өзбекстан, Мажарстан және Чехиядан келген спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтауда.
Қазақстан атынан тоғыз спортшы «Бүркіт салу», «Ителгі салу» және «Қаршыға салу» бағыттары бойынша сынға түсіп жатыр. Ұлттық құрама сапына ел ішіндегі және халықаралық жарыстарда тәжірибе жинақтап, жүлделі орындардан көрініп жүрген құсбегілер іріктелді.
Жауапты додаға дайындық бірнеше ай бойы жоспарлы түрде жүргізілді. Спортшылар оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, қырандарын жарыс талабына сай баптап, шеберліктерін шыңдады.
Екі күнге жоспарланған құсбегілік бәсекелерінің бүгінгі шешуші кезеңінде қаршыға салудан жарыс өз мәресіне жетті. Бұған дейін ителгі салудан ұлттық құрама екі жүлдеге қол жеткізген болатын.
Осылайша, қазіргі сәтте құсбегіліктен Қазақстан құрамасының еншісінде үш жүлде бар.
Ендігі кезекте – бүркіт салудан финалдық сын. Жарыстың шешуші кезеңі әлі жалғасуда.
Айта кетейік, құсбегілеріміздің VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуына Республикалық Құсбегілік Федерациясының Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ қолдау көрсетуде.




